USD 335.94

EUR 389.

РУБ 5.38

Алматылық мектеп бітіруші түлектер ҰБТ-ға дайын

  • 229
Алматылық мектеп бітіруші түлектер ҰБТ-ға дайын

Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның жиырмасы мен бірінші шілде аралығында өтеді.

Оған Алматы қаласынан 7300 түлек қатысуға тілек білдірген. Жалпы шаһар бойынша биыл 9100 бала мектеп бітіргелі отыр. Айта кетейік, үміткерлер ұлттық бірыңғай тестін қазақ, орыс тілдерінен өзге ағылшын тілінде де тапсыра алады. Ал жоғары оқу орындарына түсу үшін төменгі шектік 50 балды жинай алмағандардың ақылы түрге қайта тапсыруына мүмкіндік бар. Яғни ақылы тестілеу тамыз және қаңтар айларында өткізіледі. Арнайы бейнебақылау жүйесі мен ұялы байланысты бұғаттайтын жүйе барлық тестілеу орталығына қойылады. Ұлттық бірыңғай тесті Алматыдағы Ұлттық университеттерде өтеді.

Гүлнәр Қожабергенова, Алматы қаласы білім басқармасының басшысы:

– ҰБТ ережесіне өзгеріс енгізілді. Онда мемлекеттік грантты бөлу кезінде балдары бірдей болған кезде «Алтын белгі» иегерінің мүмкіншілігі жоғары болады. Мысалы, екі бала бір мамандыққа таласып тұрса, екеуінің де балы 120 болса, бұл жерде «Алтын белгі» алған баланың мүмкіншілігі жоғары болады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде