USD 340.27

EUR 396.40

РУБ 5.34

Е.Сағадиев: ҰБТ-дан төмен нәтиже көрсеткен оқу орындары жазаға тартылмайды

Е.Сағадиев: ҰБТ-дан төмен нәтиже көрсеткен оқу орындары жазаға тартылмайды

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуді ағылшын тілінде тапсыруға болады.

Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкімет отырысында хабарлады. Айта кетейік, осы жылы сынақтан барлығы 102 мың бала өтеді. Тестілеуді қазақ тілінде тапсырамын дегендердің саны 5 пайызға артты. Емтихан маусымның 20-сынан шілденің 1-іне дейін өткізіледі. Ең жоғары балл 140 болса, Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін 65 балл жинаған жеткілікті. Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы биыл өзгеріске ұшыраған жоқ. Бірақ дайындық жүргізу жағынан бірқатар шара қолға алынды. Мәселен, биыл бұрын-соңды болмаған онлайн тестілеу енгізілді. Яғни әр бала үйден шықпай-ақ, емтихан тапсырып көруіне мүмкіндік бар. Министрдің айтуынша, Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша мектептердің рейтингі жасалмайды. Ал төмен нәтиже көрсеткен оқу орындары жазаға тартылмайды.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде