USD 338.78

EUR 388.90

РУБ 5.38

Алматыда 9 мыңнан аса оқушы мектеп бітірді

  • 115
Алматыда 9 мыңнан аса оқушы мектеп бітірді

Олардың 514-і «Алтын белгіге» үміткер.

7300 бала Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспақ. Жалпы, еліміз бойынша Алматы соңғы 6 жыл бойы ҰБТ қорытындысы бойынша көш бастап келеді. Сондай білім нәтижесімен ерекшеленген Жетісу ауданындағы №148 мектеп-гиназиясына қала әкімі Бауыржан Байбек арнайы барып, түлектерді соңғы қоңыраумен құттықтады. Бұл білім ордасы өткен жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша бірінші орын алған. Гимназия осыдан 10 жыл бұрын «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған. Бүгін бұл мектепте 75 түлек үшін соңғы қоңырау соғылды. Қала басшысы оқушылар үшін барлық жағдай жасалып жатқанын айтты. Бүгінде мектептердің барлығы цифрлы технологиялармен жабдықталған. Биыл тағы 1800 орындық екі мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ 1200 орындық бес балабақша бүлдіршіндерді қабылдайтын болады. 

Бауыржан Байбек, қала әкімі:

- 11 жыл мектепте оқып, оны бітіру деген – үлкен жетістік. Әсіресе біздің түлектеріміз үшін. Осы жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Біріншіден оныншы сыныпқа дейінгі оқушылар демалысқа шығады. Біз қала тарапынан 223 мың балаға жалпы мектептің қасынан және жаздық лагерьлерде демалуға қаржы бөліп, тегін демалуға жағдай жасап отырмыз.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде