USD 341.08

EUR 394.60

РУБ 5.34

Оқу гранты санының көбеюі СҚО жастарының білімді тегін алуға үмітін арттырды

Оқу гранты санының көбеюі СҚО жастарының білімді тегін алуға үмітін арттырды

Елбасының бес әлеуметтік бастамасы Солтүстік қазақстандық жастарды жігерлендіре түсті.

Өйткені білім саласына берілетін грант тағы 20 мыңға артты. Бұл бірінші кезекте өңірлердегі кадр тапшылығын жоюға сеп болмақ. 

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті өңірдегі жалғыз жоғары оқу ордасы. Мұнда бес мыңнан астам студент білім алып жатыр. Ал олардың тек 33 пайызы ғана мемлекеттік грант иегері атанған.

Әлия Баржанова Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші курс студенті. Мектепті қызыл аттестатқа тәмамдап, ұлттық біріңғай тестілеуден 102 балл жинаған. Алайда бәскелестер көп, ал грант саны шектеулі болған соң қазір ақылы бөлімде оқып жатыр.  

Әлия Баржанова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

- Елбасымыздың құрған стратегиясы әрбір жас оқушыға, болашақ студенттерге үлкен бір септігін тигізеді деп ойлаймын. Егер мемлекет бізге осындай бір көмегін тигізсе бәрімізге де жақсы. Әрі қарай оқуға да құлшынысымыз, талпынысымызда болады деп ойлаймын.

Жасыратыны жоқ, соңғы бірнеше жылда мектеп бітірген солтүстік қазақстандық түлектердің басым бөлігі Қорған, Омбы және Түмен облыстарында білім алуда. Өйткені онда оқу ақысы арзан. Оның үстіне таңдау көп. Сондықтан Петропавлдағы университет басшылығы биыл тағы қосымша 29 мамандық ашуды жоспарлап отыр.

Ербол Исақаев, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ проректоры:

- Біздің университет көп салалы. Биылдан бастап енді медицина саласына қажетті мамандарды да даярлайтын боламыз. Сондай-ақ елімізде Елбасы тапсырмасына сәйкес білім гранттары артпақ. Сондықтан солтүстік қазақстандық түлектер алысқа бармай өзімізде оқиды деген ойдамын. 

Биыл өңірде төрт мыңға жуық оқушы мектеп тәмамдайды. Сондықтан Елбасының бұл бастамасы  жігерлі жастардың жоғары білім алуына деген ұмтылысын еселейді.  

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев, Дмитрий Рура

Хабар 24 әлеуметтік желілерде