352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысындағы компьютер курстарын жастармен бірге аға буын өкілдері игереді

  • 148

Ақмола облысында ауылдың 76 мың тұрғыны компьютерді игеріп,  жұмыс істеуге машықтанады.

Қазір 500-ден астам арнайы жаттықтырушылар білім беруге дайын. Олар үшін мектептер мен колледждер 525 кабинет әзірлеп, елдің өркениет көшіне ілесуіне мүмкіндік ұсынады. Неге өркениет көші дейміз, өйткені аға буын өкілдері де енді үйде отырып, компьютермен төлем жасап, ғаламтор кезіп, ақпарат алуды меңгеріп алды.

Қорлан Ахметжанова, Куропаткино ауылының тұрғыны:

- Мен мұндайды естімеген кісімін. Жасым 70-ке келіп қалса да шын ниетіммен оқып интернеттен қарап, соны істеп жатырмын. Балаларым Степнагорда тұрады. Соларға ақша жібердім. Мобильный кошелегім бар, содан жібердім. Сосын светке төледік. Немерелерімнің сотовый телефонына единица жібердім.

Хабар 24 телеарнасы