361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі мектептердің қандай болсын шараға ақша жинауына тыйым салынады

  • 219

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы мәлім етті.

Алик Шпекбаевтың айтуынша, заңды белінен басқандар жауапқа тартылады. Мұндай жағдайға тап болған тұрғындар құзырлы органдарға шағым түсіруге құқылы. Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында мемлекеттік қызметшілердің жағдайы да қозғалды. Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметкерлердің 99 пайызға жуығының адал еңбек ететіне сенімді. Дегенмен жемқорлыққа жол беріп, пара алушылар әріптестерінің абыройына нұқсан келтіріп жатқанын жасырмады. Алик Шпекбаев осы орайда қоғамда ауыз-бастырық беріп, мәселесін шешіп кететіндер жайын да қозғады. Сөзіне дәлел ретінде статистикалық мәліметтерді алға тартты. Мәселен, өткен жылы пара берген 165 адам қылмыстық жауапқа тартылған. Олардың 15-сі сегіз жылға дейін, үшеуі 10 жылға дейін, тағы бесеуі 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Осы орайда, агенттік жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың тамырына балта шабудың басты жолы - көрсетілетін қызмет түрлерін толықтай электронды форматқа ауыстыру деп отыр.

Алик Шпекбаев, ҚР МҚІСЖҚІА төрағасы:

- 2020 жылға дейін мемлекеттік қызмет түрлерін электронды форматқа көшіру жоспарда бар. Қазір біз жауапты өзге де министрліктермен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Мәселен, соңғы жылдың өзінде 90 қызмет түрі электронды формақа ауыстырылды. Нәтижесінде қазір көрсетілетін қызметтің 73 пайызы электронды үкімет және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылып отыр. Бұл ең алдымен тұрғындардың шенеуніктермен тікелей байланыс орнатуына тосқауыл қойды. Бұдан бөлек тұрмыстық жемқорлықтың азаюына сеп болды.

Хабар 24 телеарнасы