359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-тан келген философ қазақ ойшылдарына тәнті болды

  • 196

АҚШ-тың академиялық орталары тарапынан қазақ ойшылдары мен философтарының шығармашылығына деген қызығушылық артып келеді.

Мәселен, Американың Огайо университеті философия факультетінің профессоры Джеймс Патрик Алматыға жасаған сапары барысында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туындыларымен танысқан. Оның айтуынша, Абайдың дана сөздері бүкіл әлем үшін маңызды.

Джеймс Патрик, Огайо университеті философия факультетінің профессоры:

- Мен алғаш рет Қазақстанға сегіз жыл бұрын білім беру бағдарламасы аясында бардым. Бос уақытымда қазақ елінің мәдениетін, өнерін зерделейтінмін. Сол кезде алғаш рет ұлы Абайдың туындыларымен таныстым. Оның махаббат, әділдік туралы дана сөздері мені рухани шабыттандыра түсті. Ұлы Әл-Фарабидің шығармалары да керемет. Оның әртүрлі мәдениет, ұлт, тілдер мен діндері біріккен бір қала туралы шығармасы бүгінде өзекті болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы