359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі колледждер цифрландыру мәселесінде құлшыныс танытып отыр

  • 139
Еліміздегі колледждер цифрландыру мәселесінде құлшыныс танытып отыр

Қазақстандық колледждер цифрлық жүйеге көшуге құлшынып отыр.

Алайда дайындық барысы ақсап тұр. Бұған қажетті мамандар да, серверлік жүйе де жоқ. Осы ретте бірнеше колледж өкілдері кәсіпкерлермен бас қосып, осы мәселені жан-жақты талқылады. Айтуларынша, дайын жобалар бар, тек қаржылық қолдау жеткіліксіз. Мысалы, елордалық орта білім беру орындарының бірі «Цифрлық колледж» атты жобаны ұсынуға дайын. Қазір бұл бағдарламаны бизнес өкілдеріне жан-жақты таныстыруда. Инвестор табылса жоба авторлары жүйені оқу жылы басталған уақытта іске қоспақ. Ұтымдылығы - студенттерге қашықтан білім беруге мүмкіндік бар.

Қуандық Құдайбергенов, колледж құрылтайшысы:

- Қазіргі күні әрбір оқытушының алдында мақсат қойылды сабаққа білімге қатысты оқу материалдардың барлығын цифрлық форматқа ауыстыру керек. Керек жағдайда әрбір студенттің өзінің логины бар сайт арқылы кіреді керек-жарақ, барлық материалды цифрлы түрде қол жеткізеді. Үйінде отырып алуы мүмкін. Қашықта білім беру цифрлық бағдарламаның ерекше бір мүмкіндігі.

Хабар 24 телеарнасы