356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда мектепті үздік бітірген түлектерге «Алтын белгі» табысталды

  • 221

«Жас түлек 2018» салтанатты шарасының аясында Алматыда мектепті үздік бітірген түлектерге «Алтын белгі» табысталды.

2017-2018 оқу жылын қала бойынша 9030 түлек аяқтады. Олардың ішінде 518 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. Білімді жастарды құттықтаған қала әкімі Бауыржан Байбек, жас түлектерге өмірдің жаңа белесінде ақ жол тіледі. Айта кетейік, соңғы жылдары «Алтын белгі» тағайындауды мектептердің өздері жүргізеді. Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде аталған атақты растау қажет емес. Тестілеу тек грант иегерлерін ғана анықтап, жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігін береді. Ал Ұлттық бірыңғай тестілеу елімізде маусымның 20-сында басталады.

Заңғар Пірімжанов, «Алтын белгі» иегері:

- Бүгін бізге сәтті күн. Енді келесі алдағы күтіп отырған ҰБТ-дан жоғары балл алып өзіміз қалаған оқуға түсіп кетсек екен.

Дильназ Бақытжанқызы, «Алтын белгі» иегері:

- Бүгін бәрімізге ерекше күн. Осындай жоғары дәреже көрсетуге бәріміз тырысамыз. Себебі 11 жыл бойы осылай оқып, үлкен дәрежеге осындай біз үшін ұйымдастырылып жатқаннан кейін жоғары балл алу біз үшін мәртебе деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы