USD 343,45

EUR 403,00

РУБ 5.52

ҰБТ: СҚО-да өрескел заңбұзушылықтар анықталған жоқ

ҰБТ: СҚО-да өрескел заңбұзушылықтар анықталған жоқ

Солтүстік Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күнінде өрескел заңбұзушылықтар анықталған жоқ.

Оқу аудиторияларынан бірде-бір түлек шығарылмады. ҰБТ-ны облыс бойынша бірінші болып 1 мың 107 оқушы тапсырды. Петропавл қаласына жақын орналасқан Аққайың, Қызылжар Мамлют аудандарының мектеп бітірушілері сынаққа автобуспен келді. Ата-аналар үшін арнайы орын ұйымдастырылды. Олар балаларын ғаламтор арқылы тікелей эфирде көруге мүмкіндік алды. Айта кетейік, биылғы емтиханға талапкерлердің 30 пайызы қатыспады.   

Аслан Ғалеев, талапкер:

- Дайындалдым бірнеше ай бойы. Бәрі жақсы өтті. Қиын сұрақтар болды. Жақсы тапсырдым деп ойладым.

Болат Асанов, қала тұрғыны:

- Сағат 5-те тұрдық. 6-да шықтық. 8-де қабылдайды деген. Баладан немере ыстық дейді ғой. Сондықтан ұйқымызды бөліп келіп отырмыз.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде