352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында ҰБТ көрсеткіші жоғарылады

  • 298

Ақтөбе облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағының алғашқы күні орташа балл 84, 7 пайызды құрады.

Яғни өткен жылмен салыстырғанда 2 балға жоғары. Апелляциялық комиссия жұмысын енді бастағандықтан, бұл көрсеткіш өсуі де мүмкін. Бірінші күннің нәтижесі бойынша, бір түлек жоғары 134 балл жинаса, 85-і өту балын жинай алмады. Биылғы тестілеу сынағына түлектердің 80 пайызы қатысып жатыр. Облыс бойынша 15 тестілеу пункті жұмыс істеп тұр. Олардың барлығында алдын ала дайындық жұмыстары жүрді. Әсіресе менингококк инфекциясына қарсы шаралар күшейтіліп, аудиторияларға алдын ала дезинфекция жасалды.

Гүлжан Құлыбекова, облыстық білімберу басқармасының бөлім басшысы:

- Алға ауданын ерекше деп айтуға болады, орта балы 100-ге жуықтады. Бұл, әрине, жақсы деңгейдегі көрсеткіштің бірі. ҰБТ-да түлектердің өмір қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Сонымен бірге денсаулық сақтау жағына да көп қадағалау болды. Сондай-ақ барлық талаптарды ескеру қажет болғандықтан, бұл жөнінде мемлекеттік комиссия және ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қызмет жасап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы