352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҰБТ-2018: Алты күннің ішінде тәртіп бұзған 8 оқушы тестілеуден шеттетілген

  • 336

Білім және ғылым министрінің орынбасары Талғат Ешенқұлов айласын жасыра алмаған оқушыларға қатысты пікірін білдірді.

Естеріңізге салайық, бұған дейін ғаламтор желілерінде сынақ өтіп жатқан аудиторияларда сурет, бейнежазба түсіріп, тіпті инстаграм және фейсбук желілері арқылы тікелей эфирге шыққан түлектер жөнінде хабарлаған болатынбыз. Жылдағы үрдіспен, биыл да оқушылар өздерімен бірге смартфондар алып кіруге тырысқан. Кейбірінің тапқырлығы әшкереленсе, бірқатарының қулығы жүзеге асыпты. Вице-министр әр оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатқанын айтады. Соңғы мәліметтер бойынша, сынақ басталған алты күнде тәртіпті бұзған 8 адам тесттен шеттетілді.

Талғат Ешенқұлов, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

– Тестілеу тәртібі бойынша құрылғылар пайдалануға тыйым салынған. Соған қарамастан, ғаламтор арқылы желілерге шыққан оқушылар бар. Осы мәселелер бойынша қызметтік тексерулер жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы