359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі студенттік жатақханаларды заңсыз паналағандар анықталды

  • 160

Еліміздің арнайы мониторинг тобы студенттік жатақханаларды заңсыз паналаған адамдарды әшкереледі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанындағы қауымдастық 163 жатақхананы тексеріп, оның он бесінде 84 заңсыз тұру фактісін анықтады. Бүгін бұл туралы осы топтың жетекшісі Айгүл Соловьева журналистерге мәлімдеді. Жаңа антикоррупциялық стратегияны жүзеге асыруға бағытталған азаматтық қоғам өкілдері былтыр барлық өңірді аралады. Жемқорлықтың себептерін анықтап, оны түбегейлі жою үшін 108 мемлекеттік орган ішінде рейд жүргізіпті.

Олжас Бектенов, ҚР МҚІСЖҚІА төрағасының орынбасары:

- Қазақстанда көрсетілетін 746 мемлекеттік қызметтің 70-тен астам пайызы автоматтандырылған. Бұрын мемлекеттік органдардың қызметіне жүгіну үшін бума-бума қағаз толтырып, оның өзін ұзақ уақыт қарастырса, қазір бұл жұмыстың барлығы электронды үкімет порталы арқылы жасалады. Қол жеткізген мұндай жетістіктер бізді жемқорлықтан арылтады.

Хабар 24 телеарнасы