361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҰБТ қорытындысы: түлектердің орташа балы – 83,1

  • 464

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды.

Алдын ала дайындалған 167 бекетте үміткерлер сынақ тапсырды. Үш бекет колледж базасында орналасты. 116 мектеп тартылды. Және 48 бекет еліміздегі жоғары оқу орындары ғимараттарында жұмыс істеді. Қазақстанда биыл тұңғыш рет ағылшын тілінде тестілеуден өту мүмкіндігі қарастырылды. Өтініш білдірген 46 түлектің жиырма сегізі ҰБТ-ға кірді. Оның бесеуі – астаналық, жетеуі – атыраулық. Шымкенттен – 6, қалғандары өзге өңірлерден. Ағылшын тілінде сынақ тапсырғандардың орташа балы – 85. Жалпы, Қазақстан бойынша тестілеуден өткендердің жинаған орташа балы – 83,1. Екі жылдан бері тұңғыш рет 140 балл жинаған оқушы тіркелді. Ол – алматылық Шаира Құдайбергенова.

Хабар 24 телеарнасы