352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Назарбаев Университеті Лондонда «Бір белдеу, бір жол» тақырыбында нетворкинг сессия өткізді

  • 184

Лондондағы Джон Касс атындағы бизнес мектебінде Назарбаев университеті шетелдік студенттер мен компаниялардың өкілдері үшін «Бір белдеу, бір жол» тақырыбында нетворкинг сессия өткізді.

Шараның мақсаты: бизнес-қауымдастықты Қытай көшбасшысы Си Цзиньпиннің Назарбаев университеті қабырғасында ұсынған бастамасымен таныстыру, сондай-ақ университетке шетелдік студенттерді тарту. Назарбаев университетінің жоғары бизнес мектебі 2012 жылы америкалық Дьюк университетімен стратегиялық әріптестік негізінде қаланған. Мектепте Эм Би Эй ((МВА)), қаржы бойынша магистр дәрежелерін алып, қысқа мерзімді тренингтерден өтуге болады. Жиналғандарға осы жөнінде мектеп деканы, профессор Патрик Дюпарк айтып берді. Кездесуге Қазақстан-британ қауымдастығының өкілдері және жергілікті кәсіпкерлер шақырылды. Сонымен қатар басқосуға Назарбаев университетінде «Қаржы жөніндегі магистр» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер де қатысты.

Патрик Дюпарк, Назарбаев университеті жоғары бизнес мектебінің деканы:

- Біз көптеген компаниялар мен қызығушылық танытқан тараптарды «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен таныстырғымыз келді. Бұл Қазақстанды бүкіл әлеммен байланыстыратын жоба. Осы бастаманың арқасында Қазақстан арқылы барлық мемлекеттерге жол ашылып отыр. Бүгін осы мүмкіндікті қалай пайдалануға болатындығын айтқымыз келді.

Хабар 24 телеарнасы