352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да ауылдан келген студенттерге 15 мың теңгеден беріледі

  • 167
СҚО-да ауылдан келген студенттерге 15 мың теңгеден беріледі

Солтүстік Қазақстанда жаңа оқу жылынан бастап ауылдан келген әр студентке пәтер жалдауға ай сайын 15 мың теңгеден беріледі.

Биыл облысқа қосымша 1 жарым мың білім гранты бөлініп отыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Мұхтар Ерман мәлімдеді. Өңірге жұмыс сапарымен келген халық қалаулылары білім беру саласындағы бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын бағамдап, жергілікті тұрғындармен кездесті. Мәжілісмендер Петропавлда салынып жатқан оқушылар сарайының құрылысымен танысты. Сонымен қатар қалада Елбасының бес әлеуметтік бастамасы бойынша 5 жатахана бой көтереді. Олар салынып біткенше, студенттерге жәрдемақы қаралады.

Мұхтар Ерман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Балалардың біразы қаладан болар, біразы ауылды жерден. Сол ауылды жерден келген жастар жатахқана бітпейінеше, пәтерлерді жалдайда, сол үшін әрбір студентке 15 мың теңгеден ай сайын төленіп тұрады. Бұл әжептәуір жәрдем болады. Сонымен қатар жаңа мамандықтар ашылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы