353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысының Шелек ауылында балалар робот құрастыруды үйренеді

  • 195

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылының оқушылары робот техникасын құрастыруды үйренеді.

Аудандағы алғашқы ІТ-сыныбы осы ауылда ашылды.  Жаңа орталық тың жабдықтармен қамтылған. Мұнда оқушылар түрлі модельді бағдарламалар әзірлеп, құлтемір құрастырудың қыр-сырын меңгереді. Қазірдің өзінде өңірде мұндай орталықтың 20-сы бар. Облыс басшылары олардың санын жыл сайын көбейтіп, жасөспірімдерді тың технологияларға баулымақ. Ауданда ашылған алғашқы ІТ-сыныптың жұмысымен Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева да танысты. Орталықтың құрылуына «Нұр Отан» партиясы мұрындық болған.

Зағипа Балиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы бойынша қаншама жақсылыққа қолымыз жетіп жатыр. Оның ішінде 52 мың грант бойынша тағы 20 мың грант қосылады. Оның 11 мыңы арнайы ІТ-технология және инновация, техникалық мамандықтарға бөлінеді.

Гүлсара Исағұлова,  облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

– Жалпы Алматы облысында білім беру деңгейі өте жоғары. Қазір білім сапасы жылдан-жылға жақсарып келе жатыр. Өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда өсті. Балалардың білімге және ғылымға деген құштарлығы артып келе жатыр. Оның нәтижесін жылда өтетін республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарынан байқауға болады.

Хабар 24 телеарнасы