356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттегі кітапханада халықтың рухани байлыққа қол жеткізуіне жағдай жасалған

  • 242

Жастардың алаңсыз кітап оқып, сапалы білім алуына жағдай жасау «Нұр Отан» партиясының да басты міндеті.

Шымкенттегі «Отырар» әмбебап ғылыми кітапханасынан ашылған коворкинг орталықтың жұмысымен танысқан партия төрағасының бірінші орынбасары осылай деді. Еліміздегі үшінші мегаполиске жасаған сапары барысында Мәулен Әшімбаев бірнеше нысандарды аралап, партия бастамаларының өңірде қалай жүзеге асырылып жатқанымен танысты.  

Әнел Бәкірқызы биыл 4-сыныпқа көшкен. Кітапқұмар кішкентай қыз бос уақытының бәрін осы «Отырар» кітапханасында өткізеді. Ертегі кітаптар оқып, батырлар жырын жаттайды.

Әнел Бәкірқызы, «Отырар» кітапханасының тұрақты оқырманы:

- Осы кітапхана маған өте қатты ұнайды. Әсіресе, ертегілер, басқа кітаптар да бар. Мен сіңілімді өзіммен бірге алып келемін.

Шымкенттегі «Отырар» әмбебап кітапханасында заманауи коворкинг-орталық ашылды. Бұған «Нұр Отан» партиясының жаңа жобалар мен тың бастамаларды жүзеге асыруының нәтижесінде қол жеткізілді. Қазір қоғамда «ешкім кітап оқымайды, жастар кітапханаға бармайды» деген қасаң түсінік қалыптасқан. Жаңа орталық «ақылына ақы сұрамайтын ең асыл қазына – кітаппен» жастарды қайта қауыштыруда алтын көпір болмақ.

Күлия Айдарбекова, «Отырар» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры:

- Мына орталықта оқырманға өте қолайлы жағдай жасалған. Еркін таң атқаннан кешке дейін ыстық шәйі бар, салқын суы бар барлық жағдай бар. Демалып отырып, кітабын оқып, интернет арқылы мында жоғары жылдамдықты вай-фай бар. Заманауи барлықжағдай жасалған. Компьтер ойнайтын баладан оқитын бала көбейеді дегенге толық мүмкіндік жасалып жатыр.

Жаңа орталықта демалыс дүкені және еркін пікірталас аймағы, кино залы, кофехана, кітап орналасқан. Осылайша дәстүрлі кітапханадан жаңа заман талаптарына сай қайта жаңғырған нысан қазірдің өзінде жастар мен балалардың жиі бас қосатын сүйікті орнына айналып үлгерген. Орталықтың жұмысымен танысқан «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев оң бағасын берді. 

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Жақсы екен жасап жатқандарыңыз, бәрі дұрыс. Ойдан шығады, сонымен қатар бұл жерде әртүрлі шараларды өткізуіміз керек. Осындағы «Жас отанның» жастары да жақсылап тұрып жұмыс істеуі керек. «Жас отанның» балалары осында жиналыстар өткізіп, адамдармен жұмыс істеуі тиіс. Сондықтан осы ковортинг-орталықтарымыз да барлығы жақсы, енді тек іс-шаралар өткізуіміз керек.

Одан кейін Мәулен Сағатханұлы «Нұр Отанның» бастамасымен ашылған IT-орталыққа барды. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ашылған орталықта өңірдегі информатика пәнінің мұғалімдері бағдарламалау, робот техникалар және 3D  модельдеу негіздерін үйреніп жатыр. Алдағы уақытта партия мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және бизнес қауымдастықпен бірлесіп, еліміз бойынша 1000 тегін IT-сынып ашуды жоспарлап отыр.

Асқар Қанашаев, оқушы:

- Мынау менің алғашқы роботым. Бұл робот-танк деп аталады. Робот-танк ешқандай кедергіге қарамай жүре береді. Екінші құрастырған роботым ол сынап-робот. Ол алдынан кедергі шықса бұрылып кете береді.

Сапар соңында партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалына жаңа басшы сайлады.

Одан кейін партия қызметін жаңғырту, Елбасы айқындап берген басым бағыттарды жүзеге асыру және Президенттің бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуына қоғамдық бақылау жүргізу жұмыстары жан-жақты талқыланды.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Нұрмақан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы