359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы ғылым жөніндегі ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы Жарлыққа өзгерістер енгізді

  • 146
Елбасы ғылым жөніндегі ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы Жарлыққа өзгерістер енгізді

Мемлекет басшысы ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы Жарлыққа өзгерістер енгізді.

«Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 тамыздағы №369 Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 952-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау кағидалары әлемдік және ұлттық ғылымның жай-күйі мен даму үрдістерін талдауды, Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуетін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, ғылым дамуының басым бағыттарының негіздемесін және оны танымал етуді қамтитын Ғылым жөніндегі ұлттық баяндаманы (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) дайындау және басып шығару мақсатында әзірленді.»;

5, 6, 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Ұлттық баяндама жыл сайын 10 тамыздан кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қарауына енгізіледі.

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның ұсынымы негізінде 10 қазаннан кешіктірмей Ұлттық баяндаманы Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді.
  2. Ұлттық баяндаманы мемлекеттік тілде және орыс тілінде басып шығару оны Қазақстан Республикасының Президенті мақұлдағаннан кейін жүзеге асырылады. Ұлттық баяндаманың ағылшын тіліндегі электрондық нұсқасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің интернет-ресурсында орналастырылады.».
  3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 20 шілде

№ 720

Хабар 24 телеарнасы