352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында кешенді тестілеуге 4 мыңға жуық түлек қатысады

  • 131
Қызылорда облысында кешенді тестілеуге 4 мыңға жуық түлек қатысады

Қызылорда облысы бойынша 4 мыңдай түлек кешенді тестілеуге қатысады.

Жалпы өткен оқу жылында 7311 оқушы мектеп бітірсе, соның 2 мыңнан астамы Ұлттық бірыңғай тестке қатыспаған. Енді олармен қатар білім сынағында шекті балдан төмен көрсеткіш иеленген 113 бала және колледж түлектері кешенді тестілеуден өтуге құжат тапсырып отыр. Ал орта арнаулы білім беру ұйымдарына 3 мыңнан астам грант бөлінген. Колледжге тапсырушы түлектер әсіресе, ақпараттық қауіпсіздік және ай-ти техник мамандықтарын меңгеруге құмар. Сондықтан кәсіптік техникалық оқу процесінен өзге жаңадан 2 мамандық ашылды. Өрендерді оқытудан бөлек, жұмысқа орналастыру жайы да басты назарда. Мәселен, Ресейдің жоғарғы оқу орындары мен облыс әкімдігінің меморандумы аясында тау-кен металлургия, мұнай, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу секілді салалар бойынша білім алған 75 сырбойылық жас маманға жергілікті өндіріс ошақтарында еңбек етуге бағыт-бағдар берілді. Биыл тағы 60 қызылордалық дарынды жас Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербор және Қазан қалаларындағы жоғарғы оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік алып отыр. Олар негізінен цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыратын қажетті мамандықтарды меңгереді.

Майра Мелдебекова, облыстық білім басқармасының басшысы:

– Оқушыларымыздың таңдап отырған мамандықтары – қазіргі заман талабына сай экономикамызға керек мамандықтар. Бұл ақпараттық технологиялар. Медицина, ветеренария салаларында ақпараттық технология пайдаланылып жатыр. Осындай мамандықтар бойынша тапсырып отыр. Ақпараттық қауіпсіздік мамандықтарын да таңдап отыр.

Хабар 24 телеарнасы