352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық ғалымдар өсімдіктің гербицидке қарсы тұру қабілетін арттырды

  • 149

Елімізде әзірге азық-түлік өнімдеріне гендік модицикацияланған ағзаларды қолданудың қажеті жоқ.

Дегенмен, ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында пайдалануға болады. Мысалы, биотехнология орталығындағы мамандар мақта өсімдігін түрлендірумен айналысады. Олар генін өзгерту арқылы өсімдіктің гербицидке қарсы тұру қабілетін арттырды. Жалпы гербицид арамшөптен арылтуға арналған химикат. Енді сол химикатты пайдаланғанда өсімдік зардап шекпейді.

Бұл зертханада ғалымдар көп емес. Бірақ атақаратын жұмыстары қыруар. Себебі бір ғана ғалым гендік инженерияның нәтижесінде бүтін бір саланы алға ілгерілетуге жол ашады. Биотехнология орталығы бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргізуде. Жеке зерттеу блогы ауыл шаруашылығы саласына арналған. Қазір ғалымдар тарыны түрлендіру жұмыстарын қолға алған. Әлемде одан жануарларға дән мен жем дайындаудан бөлек, биотон жасауға немесе қағаз өндірісінде пайдаланады.

Шұға Манабаева, Ұлттық биотехнология орталығының зертхана жетекшісі:

- Өндіріс барысында қиындықтар туады. Себебі оның құрамында легнин бар. Сондықтан өңдеу жұмысына кедергі келтіреді. Ал гендік инженерияның көмегімен құрамындағы легнинді азайтуға мүмкіндік мол. Осы жобаны биыл ғана қолға алдық.

Бұл өндіріс бағасын арзандатып, тарыны қайта өңдеу жұмыстарын жеңілдетеді. Мамандардың айтуынша, өз елімізден бөлек, Еуразиялық экономикалық Одақ елдері жобаны жүзеге асыруы мүмкін. Оның ішінде Ресей мен Беларусь мемлекеттері бар.  Ұлттық орталық ғалымдары алдағы уақытта картоптың генін өзгерту арқылы сапасын арттыруды жоспарлап отыр.

Ерлан Раманқұлов, Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры:

- Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын ГМО-сыз жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев астық өніміділігін 2 жарым есеге арттыруды тапсырды. Біз сала мамандарымен ақылдастық. Бастысы замануи әдістерді пайдалансақ, мақсатымызға жетеміз деген сенім бар. Ол үшін кем дегенде 3 жыл керек.

Елбасы гендік модификацияланған организмдерді қажетіне қарай пайдаға асырудың маңыздылығын бірнеше рет айтты. Ғалымдардың пайымынша төртінші өнеркәсіптік революция биотехнологияның дамуынсыз мүмкін емес. Сондықтан Орталық мамандары адам өмірін жақсартуға мүмкіндік беретін инновациялық шешімдерді одан әрі дамытуға ниетті.

Авторлары: Әсел Тұмашқызы, Ермек Кеншімбек, Наурыз Базаров

 

Хабар 24 телеарнасы