352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда қос мектептің құрылысы қарқын алды

  • 74

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылына өңірдегі мектептер қызу дайындалып жатыр.

Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде жөндеу жұмыстары қарқын алды. Биыл бұл мақсатқа «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы мен жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 435 миллион теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр. Аталған қаражатқа 30 мектепте ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда білім ошақтарының шатырлары, терезелері мен жылу жүйелері жаңасына аЛмастырылуда. Мұнымен қоса Петропавл қаласында екі бірдей мектептің құрылысы басталды. Жалпы айта кету қажет, жаңа оқу жылында оқушыларды 494 мектеп қабылдайтын болады.

Владимир Ткаченко, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары

- Шаһарда 900 және 600 орынға шақталған мектептің құрылысы жүріп жатыр. Мұнымен қатар министрлік тағы бір жобамызды мақұлдаса, үшіншісін тұрғызу жоспарымызда бар.  Ол да 900 орындық болмақ. Осылайша 2020 жылға дейін біз қаладағы үш ауысымды мектептердің мәселесін шешуді ойластырып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы