356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана әкімдігі әлеуметтік тұрғыдан осал отбасы балаларына тегін оқу грантын бөледі

  • 152

Әкімдіктің гранты. Әлеуметтік осал топтағы отбасының балаларына Астана әкімдігі тегін жоғарғы білім алу мүмкіндігін ұсынып отыр.

Мұндай көмек жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі және көп балалы отбасына беріледі. Тегін білімді 19 мамандық бойынша  алуға болады. Алайда, техникалық, медициналық және білім беру саласы аса сұранысқа ие. Түлектердің таңдауына елордадағы ең мықты 6 университет ұсынылды. Басты талап орта білім туралы куәліктің болуы және отбасының кірісі 90 мың теңгеден аз болуы тиіс.  2004 жылдан бері білім гранттарын 300-ге жуық адам алған. Қазіргі таңда 48 өтініш қабылданды. Құжат қабылдау мерзімі 20 тамызға дейін жалғасады. Нәтижесін әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия шығарады.

Салтанат Стамбаева, Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төйлеу бөлімінің басшысы:

- Биылғы оқуға түсетін үміткерлер үшін жергілікті бюджет қаражатынан 41 млн теңге бөлінді. Ол есеппен 102 балаға белгіленіп отыр. Жұмыспен қамту орталықтарында құжаттар қабылданып жатыр. Биылғы бітірген түлектер санатынан құжаттар алынып жатыр.  үміткер осы астана қаласында тұрып тіркелу керек отбасымен және астана қаласында мектебін бітірген түлектерге беріледі.

Хабар 24 телеарнасы