356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана медицина университетіндегі даулы іске қатысты сот үкімі шығарылды

  • 135

Астана медицина университетіндегі даулы іске қатысты сот үкімі шықты. Естеріңізде болса, аталған оқу орнында білім алған 80-нен аса студент сәуір айында оқудан қуылған еді.

Себебі оларға IELTS сертификатын сатып алды» деген айып тағылды. Бірнеше айға созылған сот процесінің нәтижесінде судья, студенттерді оқудан шеттету туралы универсиет басшылығының бұйрығын дұрыс деп есептеді. Бірақ екінші тарап бұл шешіммен мүлдем келіспей отыр. Адвокаттың айтуынша, іс бүге-шүгесіне дейін зерделенбеген. Нақты дерек жоқ. Тіпті «сертификатты сатты» деген мекеменің өзі жауапкершілікке тартылмаған. «Сондықтан бұл жерде опық жеп отырған тек студенттер» дейді қорғаушы.

Ерғали Мелдібеков, адвокат:

- Соттың шешімі негізсіз болды деп есептеймін. Біріншіден мұндай жағдайда сертификаттарды өзінің түпұқснасына сәйкес келмейді десе оны дәлелдеу керек еді. Қазіргі таңда 80 нан аса резидентура оқушылары сабақтан шығып отыр, оқытылмай. Олардың бәрі 4-5 ке оқыған студенттер. Сонда қазіргі таңда біздің мемлекет қаншама білікті маманнан шет қалып отыр. Тыс қалып отыр.

Соттың бүгінгі шешімі заңды күшіне енген жоқ. Адвокат «қалалық сотқа аппеляциялық шағым түсіреміз» дейді. Атап өтейік, даулы іске қатысты толыққанды материалды алдағы жаңалықтарымыздан көретін боласыздар.

Хабар 24 телеарнасы