352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің кей өңіріне мектеп оқулықтары уақытылы жеткізілмей қалуы мүмкін

  • 123

Ара-тұра болып тұратын бұл жағдайға жергілікті атқарушы органдар кінәлі.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бүгін осылай деді. Осыған байланысты Үкімет басшысы мәселені қолға алып, тез арада шешуді тапсырды.

Үкімет отырысында білім беру мәселесі жан жақты талқыланды. Жауапты ведомство басшысы жақында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындылары жайында баяндама жасады. Оның айтуы бойынша емтихан нәтижесі жаман емес. Биыл бұл сынаққа 98 мыңнан астам түлек қатысты. Олардың 84 мыңы шекті деңгейден өтті. Барлығы 30 мыңға жуық тест тапсырмалары жасалды. Емтихан қорытындысы бойынша 243 апелляциялық өтінім келіп түскен, оның 101-і қанағаттандырылды. Алайда келер жылы сынақ жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізу  туралы ұсыныстар таусылар емес. 

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Министрлікке үнемі ата-аналар тарапынан ұсыныстар келіп түсуде. Кешенді тестілеу бірдей функцияны атқаратын болғандықтан, екеуі де бірге өткізу. Екіншіден, ҰБТ ЖОО түсетін емтихан болғандықтан одан мектеп мұғалімдерін босату. Мектеп балаларын ҰБТ-ға емес, мектеп программаларын дайындау қажет болғандықтан, мектепте сынама тестілеу өткізбеу. Білім гранттарын тілге бөлмей тағайындау.

Орта білім беру мекемелерінің жетіспеушілігі де министрлер кабинетінің назарынан тыс қалмады. Қазір республика бойынша 120 мектеп үш ауысымда оқып жатыр. Ал 44 мектеп мүлдем апатты жағдайда. Ерлан Сағадиевтің  айтуынша, мәселені түбегейлі шешу үшін жыл сайын елімізде 15 жаңа мектеп салынуы тиіс екен. Сондай-ақ кейбір білім ошақтары кітаптарды уақытылы алмауы мүмкін. Бірқатар өңірде оқулықпен қамтамасыз ету ісі әлі күнге дейін қолға алынбаған.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Жалпы облыстар транспорт компаниялар кітаптарды жеткізу бойныша келісім шарттар отырды. Бірнеше өңірлер, оның ішінде Астана қаласы, Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы, Түркістан облысының 4 ауданы осы күнге дейін осы жұмысты бастамаған. Оқу басталуына 20 күн қалды. Оларды өңірлерге уақытылы жеткізбеу қаупі төніп тұр.

Білім сапасын арттыру мәселесі де қызу талқыланды. Қазір ауыл мен қала оқушыларының білім деңгейінде едәуір айырмашылық бар екен. Олқылықты түзеу үшін Дүниежүзілік банктен несие алып, ауыл мектептерінің техникалық базасын жаңарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру жайы қарастырылады. 

Авторлары: Дариға Ташенова, Марат Диханбаев

Хабар 24 телеарнасы