359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО биылғы мектеп түлектеріне 400 білім грантын бөлді

  • 150

Шығыс Қазақстан облысы 2022 жылға дейін 1300 білікті маманмен қамтылуы тиіс.

Қазірдің өзінде облыстағы жұмыспен қамту орталықтары мен жергілікті кәсіпкерлер палатасында мамандар тапшылығы өзекті мәселеге айналған. Түйткілді шешу үшін биыл түлектерге қосымша 400 білім грантын бөлу көзделіп отыр. 

Қазақстанның металлургиялық орталығында атом саласының мамандары жетіспейді. Аймақ басшысы Даниал Ахметов елімізде алғашқылардың бірі болып аталмыш мамандықты тереңдете оқытуға көңіл бөлді. Өскемендегі техникалық университеттің атом өнеркәсібі кафедрасына түсуге ниетті 43 түлекке облыс қазынасынан білім гранттары бөлінген.

Сәуле Рахметуллина, техникалық университет ректорының міндетін атқарушы:

- Былтырдан бастап, «Казатомпром» - ның ұсынысы бойынша магистратура дайындап жатырмыз. Үш бағыт боынша дайындап жатырмыз. Инновациялық оқу бағдарламасы ресейлік әріптестермен бірге әзірледік. Мұғалімдер бізге келіп, сабақ береді. Оқу бағдарламасы сол әріптестермен бірге жүзеге асырамыз.

«Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында ІТ-технологияларды енгізу бағытында 70 талапкерге тегін білім алу мүмкіндігі беріліп отыр. Әрі бұл түлектер кейін жұмыспен қамтылатын болады. Мұндағы мақсат – мамандарды шетел асыру емес, еліміздің дамуы үшін дайындау.

Әсем Нүсіпова, облыс әкімінің орынбасары:

- Облыс әкімінің гранты жастарымыздың сапалы білім алуына мүмкіндік береді. Осы арқылы оқушыларымызды ынталандырғымыз келеді. Туған жерінде тегін білім алып, білікті маман болғысы келетіндер көп. Олар шетелге тәжірибе алмасып, біліктілігін көтеру үшін барып тұрады.

Жоғары оқу орындарына түсуге ниетті түлектерді грантпен қамту үшін жергілікті бюджеттен 5 млрд теңге бөлініп отыр. 

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы