352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында бес мектеп жабылады

  • 154
Қостанай облысында бес мектеп жабылады

Қостанай облысында биыл бес бірдей бастауыш мектеп жабылмақ. Жергілікті әкімдіктер осындай шешім қабылдап отыр.

Басты себеп бұл білім мекемелерінде бала саны толмайды. Облыс бойынша қазіргі таңда 509 мектеп бар. Ал білім ошағы жоқ елді мекендер саны 180-ге жуықтайды. Ондағы балалар жақын маңдағы ауылдардан қатынап немесе интернатта жатып оқып жүр. Енді олардың қатарына жабылған мектептердің 16 оқушысы қосылмақ.

Әсемгүл Иманова, облыстық білім басқармасының бас маманы: 

- Көлік мәселесін шешу жергілікті әкімдіктердің мойнында. Интернатқа жатқызылған оқушылар апта сайын барып тұруға машина беріледі. Ал қайсыбірі күн сайын үйінен қатынайтын болады. Бұл мемлекеттік қызметке жатқандықтан бәрі тегін.

Хабар 24 телеарнасы