359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сингапурдағы олимпиадаға онлайн қатысқан оқушылар медаль жеңіп алды

  • 120
Сингапурдағы олимпиадаға онлайн қатысқан оқушылар медаль жеңіп алды

Ақтаудағы өңірлік білім-инновация лицейінің оқушылары Сингапур мен Қырғызстанда өткен олимпиадаларға онлайн қатысты.

Олар 4 күміс және 5 қола медальге  ие болды. Сингапурда әлемнің 15 елінен 400-ге жуық жас физиктер бақ сынасқан сайыста маңғыстаулық 6 жеткіншектің есімі аталды. Тағы 4 оқушы көрші мемлекетте биология пәнінен ұйымдастырылған білім додасында 2 және 3-орынды олжалады. Лицей басшылығы дипломдарды ғаламтор арқылы алып, жарыс жеңімпаздарына тапсырды.

Айта кетейік, дарынды оқушылар мұндай сайыстарға соңғы үш жылдан бері тұрақты қатысып келеді.

Нұрдәулет Құлшаров, өңірлік білім-инновация лицейінің оқушысы:

- Биология пәнінен халықаралық «Mendelain Biology Olympiad» деген олимпиадаға қатысқан болатынмын. Ол олимпиадада мен күміс жүлдегер атандым. Анатомия, физиология, генетика, молекулярлы биология деген салалары болды. Осы бойынша бізге сұрақтар келді. Халықаралық олимпиада болған соң, өзім үшін ризамын.

Хабар 24 телеарнасы