361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Студенттер Бас прокуратура тапсырысымен адамның кескінін анықтаушы қосымша жасады

  • 92

Отандық ай-ти саласында білім алып жатқан студенттер ұялы телефон көмегімен кез келген сұраққа жауап іздейтін «Айбота» дыбыстық көмекшісін жасады.

Ол көпшілік кеңінен қолданатын «Сири» қосымшасының баламасы. Айботаның көмегіне телеграм пайдаланушылары ғана жүгіне алады. Әзірге ол орыс тілінде қызмет көрсетеді. Жобаны жасаған студенттер алдағы уақытта оны қазақша сөйлетуді жоспарлап отыр. Олар бұл дыбыстық көмекшіні Назарбаев орталығы ұйымдастырған «Метод Про» жазғы ай-ти бағдарламасына қатысып, белгілі бір компанияның тапсырысы бойынша жасаған.

Шыңғыс Лекеров, 3-курc студенті:

- Біз программаны телеграм платформасында жаздық.

Сондай-ақ «Метод Про» бағдарламасының қатысушылары еліміздің Бас прокуратурасына арнап, адамның бет-әлпетін анықтайтын жоба да жасаған. Жалпы биыл бағдарламаға қатысу үшін  15 мемлекеттен мыңнан астам өтінім келіп түсті. Бірақ іріктеудің нәтижесінде 200 адам 2 ай бойы Астана және Алматы қалаларында ай-ти тағылымдамадан өтті. Олар топқа бөлініп арнайы тапсырыс бойынша айти-жобаларын әзірледі. Сол арқылы тәжірибе жинақтап ғана қоймай, қаржылай қолдауға да ие болды. Қатысушылар өзара 8 млн теңгені бөліп алды. Тіпті, кейбіріне ірі отандық компанияларға жұмысқа орналасуға ұсыныс та келіп түскен.

Сұлтан Айтжанов, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары:

Хабар 24 телеарнасы