356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда «Мектепке жол» акциясы басталды

  • 195

Жыл сайын қамқор жандар оқушыларды жаңа оқу жылына даярлауға атсалысады.

Бұл топқа жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары кіреді. Мектеп формалары, оқушы сөмкесі, кеңсе тауарлары, спорттық үлгідегі киімдер мұқтаж балаларға үлестіріледі. Қайырымдылық шарасы облыстағы дағдарыс орталығында өтті. Орталық көмекке зәру аналарды қабылдайды. Құжаттарын реттеп,  жұмысқа тұрғызып, балаларын  балабақша, мектептерге орналастырумен айналысады. Әсіресе отбасында қаҒажу көргендер осында тұрақтайды. Төрт мезгіл тамақпен қамтылған. Әлеуметтік мекеме жекеменшік сот орындаушылармен де тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. 

Анжела Урелик, қала тұрғыны:

- Кейбір ата аналар жұмыс істемейді. Сондықтан баланы мектепке дайындауда қиындықтар туындайды. Қайырымды жандардың көмекпен қол ұшын беріп жатқанын көріп  балаларымыз да қуанып жатыр. Өте қуаныштымыз, көп рахмет.

Айжан Тұяқбаева, жекеменшік сот орындаушы:

- Биыл «Мейірімділер» клубына хабарластық. Олар осы «Дағдарыс» орталығына көмек керектігін айтып тапсырыс берді. Бұл қиын жағдайға тап болған  ана мен бала орталығы. Біз оларға алимент өндіріп алу жөнінен де заң жүзінде  көмек береміз.

Хабар 24 телеарнасы