352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңа оқу жылы. Оқулықта олқылық бар ма?

  • 166

Елімізде жоғарғы оқу орындарына қойылатын талаптар күшейеді. Қазіргі уақытта бірнеше оқу ордасы 17 мамандық бойынша білім беру лицензиясынан айырылды. Себебі олар мемлекеттік талаптарды орындамаған. Жағдайды бүгін Үкімет  жиынынан кейінгі брифингте білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов атап өтті.

Сала маманы биыл бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндерден тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеу құжаты қажет емес екенін ескертті. Ата-аналар баласын көңілі қалаған кез келген білім мекемесіне бере алады. Аймағамбетов жаңа оқу жылында орта мектептерге оқулықтар жеткізу мәселесіне де тоқталды.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

- Оқулықтарды тасымалдау науқаны жүріп жатыр. Жалпы бүгінгі күнге дейін 91 пайызы жеткізілді. Осы жұманың соңына дейін біз 100 пайызға жетеміз деп ойлаймыз. Енді алдыңғы жұмада біз Астана қаласы бойынша проблемалар бар деп айтқан болатынбыз. Бүгінгі күні Астана қаласында 50 пайызға жетіп, жалпы Астанада бір жұманың ішінде 100 пайызға жеткізіп, толығымен балаларды қамтамасыз етеміз деп бізге уәде беріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы