361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында 600 орындық мектеп-гимназия қолданысқа берілді

  • 221

Ақтөбе облысы Алға қаласында Конституция күні қарсаңында 600 балаға арналған мектеп–гимназиясы ашылды.

Осылайша аудан орталығында 3 ауысымда оқу мәселесі түбегейлі шешімін тапты. Жаңа білім ордасының құрылысына 1 млрд. 700 млн. теңгеден астам ақша жұмсалды. Физика–математика бағытындағы мектеп 3 тілде білім береді. Мұнда 7 интерактивті тақта мен бірнеше компьютерлік сынып бар. Сонымен бірге оқушыларға кітапхана, екі бірдей спортзал, асхана қарастырылған. Оқу ғимаратына жоғары жылдамдықтағы ғаламтор тартылды. Ал мектеп жанында интернат бой көтерді. Онда ауданның шалғай ауылдарының балалары тұрады. Қазір мұнда жаңа оқу жылына дайындық шаралары жүріп жатыр.

Гульмира Есенова, Алға қаласының мектеп-гимназиясы директорының міндетін атқарушы:

- Номері үшінші Алға қазақ мектебінде №4 мектепте бала көп болып сол мектеп қажеттілігі туындады сол себепті осы мектепке балалары ауысты,3 келометр қашықтықта түратын балалар,сосын елді мекенде мектептері жабылған балалар, спорттық олимпиада жарыстарының жүлдегерлері интернатта жатып оқуға мүмкіндік алады және көп балалы отбасы.

Хабар 24 телеарнасы