352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда оқушыларға арналған технопарк ашылады

  • 104
Қарағандыда оқушыларға арналған технопарк ашылады

Жаңа оқу жылында Қарағанды қаласының балалар мен жасөспірімдер сарайында технопарк пайда болады.

Бұл жөнінде педагогтардың қатысуымен өткен тамыз мәслихатында мәлім болды. Заманауи технопаркті жабдықтауға қалалық қазынадан 14 млн теңге бөлінді. Медиастудия мен робототехника кабинеттерінде балалар инновациялық жобаларды жасап үйренеді. Жаңа оқу жылында педагогтер қаладағы қосымша білім алатын балалардың санын екі есеге арттыруды көздеп отыр.

Ақмарал Мақұлбекова, қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі:

- 40 пайыз ғана оқушыларымыз қамтылған қосымша біліммен. Сондықтан осы жылдары балалардың қазіргі заманға сай балаларды осы салаға тарту мақсатында қосымша жаңа бағыт бойынша жұмыс жасай бастадық. Ол технопарктегі IT  кластарды дамытамыз.

Хабар 24 телеарнасы