352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тұңғыш ҚР Президенті – Елбасының кітапханасында 1-сынып оқушыларына арналған мерекелік сабақ өтті

  • 138

Менің отаным – Қазақстан. Осындай атаумен Тұңғыш Президент – Елбасының кітапханасында бірінші сынып оқушыларына арналған алғашқы мерекелік сабақ өтті.

Мектеп табалдырығын енді аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін алғашқы қоңырау соғылып, Ата Заң және Білім күндері қарсаңында олар өз өнерін ортаға салды. Отан, туған тіл, мемлекеттік рәміздер, патриотизм және адам құқығы сынды ұғымдар туралы өлең оқып, мұғалім жасырған жұмбақтардың жауабын тапты. Ал шара соңында балаларға естелік сыйлықтар табысталды.

Ботагөз Қайыпова, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы директорының орынбасары:

- Тәуелсіз Қазақстанның тарихында 30 тамыз - ерекше күн. Себебі 1995 жылы қазіргі уақытта өзінің қызметін жасаған жалпы республикалық референдум нәтижесінде Ата Заңымыз қабылданды. Елбасы кітапханасының білім бағдарламасы нәтижесінде біз дәстүрлі түрде жыл сайын Астана қаласының білім басқармасымен жоғарғы және орта білім беру мекемелерімен бірлесе отырып, арнайы Конституция күніне бағытталған шараны өткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы