352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында оқушыларды тегін оқулықпен қамтуға 1,5 млрд теңге бөлінді

  • 191

Биыл Маңғыстау облысындағы мектептер оқулықпен 100 пайыз қамтылды.

Қазір білім беру мекемелеріне жеткізілген кітаптар оқушыларға таратылуда. Жалпы оқулық қорын көбейтіп, балаларды тегін кітаппен қамту үшін биыл жергілікті қазынадан 1 миллиард 564 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржыға сондай-ақ 3,6 және 8-сынып оқушыларына су жаңа оқулықтар сатып алынды. Себебі аталған сыныптар жаңа оқу жылынан бастап жаңартылған бағдарлама бойынша білім алуға көшеді.

Нұрлыбек Қойжанов, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Биыл 134 мың 129 бала мектепке барады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда, 6 мың бала артық барайын деп отыр. 1-сыныпқа да 6600 бала барғалы отыр. Алдыңғы жылмен салыстырғанда, ол да 600 балаға өсіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы