359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысының барлық аудандарына жаңа оқулықтар жеткізілді

  • 134
Түркістан облысының барлық аудандарына жаңа оқулықтар жеткізілді

Бұл туралы облыстық білім басқарамасының басшылығы хабарлады.

Мамандардың айтуынша, 3, 6, 8 сынып оқушылары алдағы оқу жылы жаңа бағдарлама бойынша білім алады. Оларға қажетті арнайы кітаптардың барлығы сатып алынған. Жалпы қажетті оқулықтар мен әдістемелік құралдарға облыстық бюджеттен 4,8 млрд теңге қаржы бөлініп, оған 3 миллион 76 мың дана кітап сатып алынды. Сонымен қатар өңірдегі барлық аудандарға оқулықтарды жеткізіп беру үшін 64 млн теңге қаралған.

Айта кетейік, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Түркістан облысының бірнеше ауданына оқулықтар дер кезінде жеткізілмей қалуы мүмкін екенін айтып, жергілікті атқарушы органдардан осы мәселеге назар аударуын сұраған еді.  

Ардақ Садықова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Тамыз айының басында біраз мәселелер болған, оның бәрі шешіліп, бүгінгі күні барлық оқулықтар 100 пайыз жеткізілді. Енді 1 қыркүйекте барлық балалар тиісті оқулықтарын алады деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы