361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Көгілдір желкен» білім беру желісінің құрылғанына 25 жыл толды

  • 168

Биыл еліміздегі үш тілді оқу жүйесін енгізген мектептердің бірі – «Көгілдір желкен» білім беру желісінің құрылғанына 25 жыл.

Осы уақыт аралығында мектеп қабырғасынан 5 мыңға жуық шәкірт түлеп ұшты. Олар әлемнің үздік жоғарғы оқу орындарында білімдерін тереңдетіп, қазір түрлі мамандықтың тізгінін ұстап отыр. Білім ошағы бүгін де шәкіртердің кезекті легін қабылдады.

Алғашқы қоңырауды соққан 8 баланың арасында 10-сыныптың үздік оқушысы Мөлдір Қуанышбекова да бар. 3 тілде еркін сөйлейді. Сондай-ақ оқушылар арасындағы республикалық пән олимпиадасының күміс жүлдегері. Болашақта аударма ісімен айналысуды мақсат еткен. «Әр жетістігім үшін алдымен ұстаздарыма қарыздармын», – дейді дарынды оқушы.

Мөлдір Қуанышбекова, «Көгілдір желкен» мектебінің оқушысы:

– «Көгілдір желкен» кешенінде көптеген жақсы оқушы оқиды. Оларды мейірімді ұстаздар оқытады. Менің ойымша, біздің ұстаздарымыз өте мейірімді және олар оқушыларға өз баласындай қарайды. 

«Көгілдір желкен» кешені биыл да шәкірттерге есігін айқара ашты. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бүлдіршіндер 5 сыныпқа бөлінді. «Бала санына емес, сапаға баса назар аударамыз», – дейді ұстаздар. Жалпы кешенге тиесілі мектептерде 2 мыңға жуық оқушы білім алады.

Дана Егеубаева, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

– Бізде балабақшадан басталады. Себебі «Көгілдір желкен» – кешен. Тек Астанада емес, бүкіл Қазақстанда бар. Сондықтан біз қазақ және ағылшын тілдерін балабақшадан бастаймыз. Бізде сабақтастық бар. Балабақша – бастауыш мектеп – жоғарғы сынып.

«Ағылшын тілін балабақшадан бастау, баланың ойлау қабілетін жетілдіреді», – дейді мамандар. Әзірге «Көгілдір желкен» мектептері Астанадан бөлек Алматы, Атырау және Бурабайда жұмыс істейді. Сондай-ақ тағы бірнеше қалада кешеннің бөлімшелері бар.

Авторлары: Нұршапағат Несіпбаев, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы