352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанадағы қыз балаларға арналған мектеп оқу жылын жаңа ғимаратта қарсы алды

  • 119
Астанадағы қыз балаларға арналған мектеп оқу жылын жаңа ғимаратта қарсы алды

Астанадағы қыз балаларға арналған мамандандырылған мектеп жаңа маусымды жаңа ғимаратта қарсы алды.

800 оқушыға арналған нысан барлық заманауи құрал-жабдықпен жарақталған. Онда енді 5 пен 11-сынып аралығындағы шәкірттер тереңдетілген бағдарлама бойынша білім алады. Халықаралық білім-инновация қорына қарасты мектеп 2003 жылы ашылған еді. Бірақ жеке ғимараттың болмауы себепті әр жерге көшіп жүрді. Соған қарамастан, осы білім ошағының шәкірттері соңғы 5 жылда әртүрлі деңгейдегі 200-ден аса пән олимпиадасында топ жарды. Осының барлығын ескерген Астана әкімдігі биыл сәулетті, алып кешен салып берді. Айта кетейік, қыз балаларға арналған мамандандырылған мектепке оқушылар арнайы байқау арқылы қабылданады. Кейін техникалық пәндер тек ағылшын тілінде жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы