361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында жаңа 28 мектеп пайдалануға берілді

  • 171

Бәйдібек ауданында су жаңа бес мектеп оқушыларға есігін айқара ашса,  Ордабасы ауданы Шұбарсу елді-мекеніндегі үш ауысымды мектеп жаңа ғимаратқа көшірілді.

Бәйдібек ауданы Сарқырама ауылының балалары бұл күнді көп күтті. Енді оқушылар 150 орындыққа лайықталған жаңа мектепте білім алады. Оқу ордасы облыстық қаражатқа салыныпты. Су жаңа білім ұясының табалдырғын аттағандардың қатарында 6 жастағы Зейнұр да бар.

Зейнұр Бораш, мектеп оқушысы:

- Ауылдағы жаңа мектептің ашылғанына өте қуаныштымын. Бірінші қыркүйек күнімен, Аңқыған жұпар гүлімен. Келіп ем, мектебім қарсы алды, Сүйкімді қоңырау үнімен.

Бәйдібек ауданында жалпы білім беретін 49 мектеп бар. Оның  42-сі типтік жайда орналасқан. Ал аудан шәкірттері ұлттық біріңғай тест сынағынан сүрінбей өтіп, облыс көлемінде үздік үштікке енді.

Бахытбек Танагөзов, Бәйдібек ауданының әкімі:

- Алдығымыздағы ғасыр ақпарат ғасыры деп есептелінеді. Осы ғасырда білім барлығынан жоғары деңгейде болуы керек. Республиканың барлық ұстаздарын, оқушыларын, ата-аналарын білім күнімен құттықтағым келеді. 

Мектеп - кеме, білім - теңіз. Биыл облыста 32 мың оқушы бірінші сыныпқа барды. Ал өңірде жыл басынан 83 мектептің құрылысы басталған. Жаңа оқу жылына соның 28 аяқталып беріліп отыр. Бұл апатты және үш ауысымды мектептердің санын азайтуға септігін тигізеді.

Исатай Сағындықов, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Жылдың соңына дейін тағы да 12 мектеп ашылады. Бұл мектептердің құрылысының арқасында біз 9 апатты мектептің, 5 үш ауысымды мектептің мәселесін шешеміз.

Тағы бір жаңалық, енді біліктілігін шыңдап сынақ тапсырған ұстаздардың жалақысына үстеме қаржы қосылады. Облыста мұндай білімді ұстаздар саны 4 мыңнан асады. Өңірде сондай-ақ оқушыларды мектепке ал ұстаздарды жұмысқа қабылдау электронды форматта жүзеге асуда. Бұл «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының нәтижесі.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы