352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысының Қазалы ауданында заманауи мектеп ғимараты бой көтерді

  • 221

Қызылорда облысында да  3 мектеп пайдалануға берілді. Оның екеуі Жаңақорған ауданында салынса, тағы бірі Қазалының Əйтеке би кентінде бой көтерді.

Мектеп мəселесі өзекті ауылдардың бірі Түгіскен  болатын. Мұндағы оқушылар 15 жыл бұрын жергілікті тұрғындардың өз қолымен қалаған шағын ғимаратта оқып келді. Енді түгіскендік өрендер уақыт талабына сай жабдықталған 300 орындық жаңа мектепте білім алады. Сонымен қатар бұған дейін бұрынғы балабақша ғимаратын паналаған Жаңақорған кентіндегі номері 56-мектеп ұжымы да су жаңа оқу ордасына қоныстанды.

Есдəулет Мүтəліп, № 56 орта мектеп оқушысы:

- Бұрынғы мектепте дене шынықтыру сабағын далада өтетінбіз. Біз енді жаңа мектептің спорт залында жаттығып, өзіміздің жақсы ойнайтынымызды көрсетіп, жаңа жетістіктерге жетеміз.

Гүлзада Əбутəліпова, № 256 орта мектеп мұғалімі:

- Жаңа мектептің ғимаратында үлкен асхана, спорт залмен жəне акт залы мен балардың шығармашылықпен айналысатын кітапханасы бар. Жəне пəн кабинеттері лингафон, ағылшын кабинеттерінің барлығына өте қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы