352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Ауғанстан балаларына жоғарғы білім беруді жалғастырады

  • 99

Ауғанстан Ислам Республикасы. Бұл елдің атауы соңғы кезде әлем баспасөздерінде өте жиі айтылып жүр.

Тіпті БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде талқыланған негізгі тақырыптың бірі де болды. Себеп ол Орталық Азиядағы ең тұрақсыз мемлекет және оған төрткүл дүние қолдан келгенше көмектескісі келеді. Оның ішінде біздің елдің үлесі зор.

Ауғанстан аумағында нендей лаңкестік оқиғалар тіркеліп, қанша адам мерт болып жатса да жергілікті тұрғындардың одан безіп кеткісі жоқ. Жарқын болашаққа сенеді. Үміт отын сөндірмейді. Ал біздің ел сол миллоиндаған адамның арманын орындауға қолдан келгенше көмектескісі келеді. Көмектесіп жатыр да. 

Станислав Василенко, ҚР СІМ  ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі:

- Қазақстан ауған халқына білім беру, ауыл шаруашылығы және құрылыс саласында біраз көмектесті. Отандық мамандар ұн мен бидай жеткізді. Көпірлер салып берді. Тіпті, бөгеттер де тұрғызды. Яғни еліміз Орталық Азия аймағындағы ауыр жағдайға бей-жай қарай алмайды.

Станислав Василенко негізгі деген бағыттарға ғана тоқталды. Ауған елінің тұрақты дамуына еліміздің қосқан үлесі ұшан теңіз. Әсіресе жапондық агенттікпен бірлесіп, Ауғанстан жастарына жоғарғы білім беру нықтап қолға алынды. Сол мүмкіндікті мүлт жібермегендердің бірі Алия Садид.

Әлия Садид, ауғанстандық студент:

- Менің балалық шағым Қазақстанда өтті. Өйткені Ауғанстанды тәлібтер жаулап алып, отбасым көшуге мәжбүр болған. Кейін қайта атажұртқа оралдық. Бірақ, білім алу мүмкіндігім барын білгенде, бірден құжатымды тапсырдым. Сөйтіп, міне екінші жыл қатарынан Алматыда білім алып жатырмын.

Әлияның мұншалықты талпынуы бекер емес. Өйткені ауған елінде қыз балалардың білім алуы қиындау. Осыны ескерген отандық мамандар мың ауғандық студентті оқуға қабылдады. Олар жақында дипломдарын алады.

Ал Қазақстан тарапы басқа елдердегі әріптестерімен бірлесе отырып, осы игі бастаманы ары қарай жалғастыруды көздеп отыр. Бұған қоса біздің ел медицина және басқа да салалардағы ауған мамандарының біліктілігін арттыруға да барынша атсалсып жатқанын айта кету керек. 

Авторлары: Аслан Қаженов, Наурыз Базаров, Ксения Склярук

Хабар 24 телеарнасы