361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттің іргелі білім ордасында грантпен оқитын студент саны артты

  • 98
Шымкенттің іргелі білім ордасында грантпен оқитын студент саны артты

Шымкентегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіне 75 жыл.

Жоғары оқу орнына  биыл грант  арқылы түскен студенттер саны 2 есе артып отыр. Техникалық білім беретін университет бакалаврға 6116 тәлімгер қабылдаған. Бұл білім гранттары Елбасының «5 әлеуметтік бастама» бағдарлама аясында іске асып отыр дейді университет ректоры Дария Қожамжарова. Үш ай бойы іргелі білім ордасы шет мемлекеттен келген студенттерді де қабылдаған. Биыл оларға арнап 150 грант бөлінген. Ал оқу орнында бүгінгі таңда 900-ден астам шетелдік студент білім алады. Сондай-ақ 625 магистрант пен 300-ден астам доктарант 54 мамандық бойынша гранттар жеңіп алған.

Дария Қожамжарова, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры:

- Біз қазір білім жолында жаңа жаңа үлгіні, Қазақстандық модельді ұйымдастыруға негіз салып отырмыз. Біздің алдымызға қойған мақсатымыз, өте сүбелі деп айтуымызға болады. Ең бірінші дербестік. Осы дербестікті дұрыс пайдалану. Ашықтық. Ол студенттерменен оқытушы профессор құрамның арасындағы бір-біріне деген сыпайы, ілтипатты қарым-қатынасты орнату және жемқорлыққа қарсы тұру.

Хабар 24 телеарнасы