359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде республикалық ата-аналар конференциясы өтіп жатыр

  • 312

Өз балаңа үлгі бол! Осындай атаумен еліміздің барлық мектептерінде бірыңғай ата-аналар жиналысы өтіп жатыр.

Мұндай жиындар көптеген мәселелерді шешуге көмектесетіні анық. Алайда сынып жетекшілерінің айтуынша, ата-аналармен қарым-қатынас орнатуда бірқатар қиындық бар. Өйткені педагогтерге жүктелетін жұмыс шамадан көп. Сондай-ақ жиналысты өткізу әдісі де ескірген. Сайып келгенде бұл ата-аналардың мектеппен қарым-қатынас орнатуына әсер етеді. Бірыңғай республикалық ата-аналар конференциясының дәстүрлі жиналыстан ерекшелігі – бұл жас ұрпақты инновациялық білімдермен және отбасылық тәрбиелеу әдістерімен оқытуға бағытталған және түрлі тақырыптады қамтитын жаңа формат. Жиынды Балалардың құқығын қорғау комитеті Отбасы тәрбиесі институтымен бірлесе ұйымдастырған.

Хабар 24 телеарнасы