352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде балаларға қиял-ғажайып жанрында жазылған қазақ тіліндегі кітап таныстырылды

  • 157

Мәскеуде өтіп жатқан халықаралық кітап көрмесінде көпшілікке, балаларға арналған фэнтези жанрында жазылған қазақ тіліндегі тұңғыш кітап таныстырылды.

Бұл форум - Ресей мен Шығыс Еуропадағы ең ауқымды шара. Көрме жыл сайын қыркүйек айында басталады. Биылғы форум балалар әдебиетіне арналған. Онда 25 елдің 100 мыңнан астам туынды көпшілік назарына ұсынылды. Қазақстан кітаптарына сұраныс жоғары, үш күн ішінде жартысына жуығы сатылып кеткен. Көрмеге қатысушылар әсіресе еліміздің тарихы, мәдениеті және табиғаты туралы жазылған «Менің Қазақстаным» кітабына қызығушылық танытқан.

Альмира Сужикова, «Алматыкiтап баспасы» бас редакторының орынбасары:

- Біздің басты бағытымыз бұл өлкетану. Қазір «Рухани жаңғыру» Елбасымыздың бағдарламасы қабылданып, соның жобасымен оқулықтарды дайындап жатырмыз. Елтану жөнінде бес облыстың кітабын шығардық. Қазақтың салт дәстүрінен батап оның тұрмысы, жануарлар әлемі, өсімдіктер әлемі, дархан дастархан деген кітаптарымыз бар. Бұл жерде барлығы қамтылған. Үшінші күн жұмыс істеп жатырмыз, кітабымыздың жартысынан көбін сатып жібердік. 

Жеңіс Қазанғапов, «Фолиант» баспасы директорының орынбасары:

- Ресейде көп оқылатын отандық кітаптармен қатар жаңаларын да алып келдік. Кітаптардың мазмұнынан бөлек олардың мұқабасына да көңіл бөлдік. Көріп тұрғаныңыздай, түстері өте ашық келген.

Хабар 24 телеарнасы