352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҒМ ұйымдастырған конференция мұғалім мен ата-ананың байланысын бекітуді көздейді

  • 174

Мұғалімдер мен ата-аналар арасында байланыс орнатуда қиындық бар. Себебі балаларының жиналысына қатысуға көбі құлықсыз.

Екі жақтың қарым-қатынасын арттыру үшін Білім және ғылым министрлігі жаңа әдіске көшті. Ведомство өкілдері «ХХI ғасырдың ата-аналары: балаңызға үлгі болыңыз!» тақырыбында республикалық конференцияны бастады. Шара аясында әке-шешеге баланы тәрбилеудің тың әдістері үйретіліп, психологиялық көмек көрсетіледі. Еліміздің барлық мектебінде өтетін конференция қазан айына дейін жалғаспақ.

Хабар 24 телеарнасы