369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында оқушылардың ата-анасы күнделікті интернеттен көре алады

  • 151
Жамбыл облысында оқушылардың ата-анасы күнделікті интернеттен көре алады

Жамбыл облысында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында 446 мектептің барлығы электронды ресурстар жүйесіне толық қосылған.

Оның 396-сы  жоғары жылдамдықтағы ғаламтормен қамтылған. Ол үшін облыстық бюджеттен 87 миллион қаржы бөлінді. Жаңа оқу жылында  «күнделік», «білім-лэнд»  электронды жүйесіне білім ошақтарының 97 проценті көшкен. Бұл жоба арқылы енді ата-ана-мұғалім-оқушы арасындағы байланыс нығая түспек. Кез келген ата-ана күнделік жүйесіне кіріп, баласының үлгірімін қадағалайды. Бұл қашықтықтан білім беру мүмкіндігін арттырып, ұстаздарды қағазбастылықтан арылтады. Ал «білім-лэнд»,  оқу порталында қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі анимациялар, видеофильмдер, интерактивті жаттығулар мен  түрлі тапсырмалардың ең үлкен қоры жинақталған. Қазір барлық мектептерге осы  электронды ресурстарға қосылу үшін пароль мен логиндар таратылып, жүйелі жұмыс атқарылуда.

Сағадат Бесінбаев, білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі орталығының директоры:

- Бұл мұғалімге уақытын үнемдеуге береді, себебі әр пән әр сабақ бойынша, тақырыптар бойынша дайын электрондық көмекші құралдар орналастырылған ол жерге, бастауыш десе бастауыштың сандары қосу көбейту фигуралары деген сияқты неше түрлі мультипликационный анмационный материалдар бар.

Хабар 24 телеарнасы