356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау мектептеріндегі жобалар білім сапасын арттыруға жол ашады

  • 104
Атырау мектептеріндегі жобалар білім сапасын арттыруға жол ашады

Атыраулық 40 мыңнан астам ата-ана мен 50 мың мектеп оқушысы кundelik.kz сайтының мәліметтерін тұрақты түрде пайдаланады.

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артық. Заманауи жоба өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Қолдану үшін мектептен құпия сөз бен логин алса болғаны. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынған жоба білім сапасын арттыру, бақылау және екі жақты байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Ата-аналар да енді мектепке жиі келіп, балаларының оқу үлгірімін тексеріп тұру қажет емес. Барлық ақпаратты электронды түрде алуға болады. Сайтта бұдан бөлек әдістемелік әдебиетермен қатар түрлі ақыл-кеңестер де жүктелген.

Әлия Жәмитова, Атырау қаласының тұрғыны:

- Бұл бізге өте пайдалы әрі қолдануға да аса ыңғайлы сайт. Қалта телефоны арқылы бүкіл сабақ кестесі, баланың оқу үлгірімі, жалпы оқыту процесіне қатысты барлық ақпаратты қадағалап отыруға болады. Үй тапсырмалары және білім беру бағдарламалары туралы да толық мәліметтер топтастырылған.

 

Хабар 24 телеарнасы