369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР Парламенті Сенатында «Жайық - өмір өзені» атты кітаптың тұсауы кесілді

  • 60

Парламент Сенатында «Жайық - өмір өзені» атты кітаптың тұсауы кесілді. Онда Жайық бойында 22 жыл бойы жүргізілген экспедицияның тарихы жан-жақты жазылған.

Авторы Мәжіліс депутаты Елена Тарасенко. Кітаптың танысытырылымына халық қалаулыларымен қатар кітапхана қызметкерлері және студенттер қатысты. Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімованың айтуынша, экспедиция жұмысының арқасында Жайық өзенінің экожүйесін сақтау жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойылды. Сондықтан осындай игі істердің тарихы жазылған кітаптың болашақ ұрпақ үшін маңызы зор.

Хабар 24 телеарнасы