356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің 0,13%-ы ғана ғылымды қаржыландыруға бөлінеді

  • 65

Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кеңейтілген сессиясы өтті.

5 жылдықты қорытындылауға арналған алқалы жиында әлемдегі және Қазақтандағы ғылыми жаңалықтар сарапталып, ғылым саласын одан ары дамытудың бес жылдық міндеттері бекітілді. Сондай-ақ мерекелік сессияда Ұлттық ғылым академиясының президенті болып Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, химия ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Жұрынов қайта сайланды. Қабырғасы 1946 жылы қаланған ғылым академиясы еліміздің табиғи ресурстарын зерттеуге және пайдалануға, экономиканың өркендеуіне ықпал етіп келеді. Өткен жылдың өзінде Индустрияландыру картасына сәйкес 1263 жұмыс орны ашылған. Елімізде ғылымның әлеуеті жоғары.

«Қаржыландыру мәселесін шешіп, ғылым мен өндіріс арасындағы байланыс нығайса, ел экономикасы да дамиды», - дейді ғалымдар. Ал қазір елімізде Ішкі жалпы өнімнің 0,13%-ы ғана ғылымды қаржыландыруға бөлінеді.

Еренғайып Шайхутдинов, химия ғылымдарының докторы ,профессор:

- Ғылымды алға шығару үшін әрине, қаржы керек. Қаржы әлгінде айтып кеттім, өте төмен. Ондай қаржының көлемімен ғылымды алға апаруға болмайды. Екінші жағдай, ғылым мен өндіріс бірігу керек. Барлық тауып жатқан жаңалықтарды өндіріске зауыттарға, ауыл шаруашылығына беру қажет қой. Өйткені онсыз ел дамымайды.

Хабар 24 телеарнасы