Оқу жылы мектептер мен жоғарғы оқу орындарында аралас форматта жалғасады

Оқу жылы мектептер мен жоғарғы оқу орындарында аралас форматта жалғасады

Биылғы оқу жылы мектеп пен колледждерде және жоғарғы оқу орындарында аралас форматта жалғасады. 

Жалпы мектептердегі 3 млн 400 мың оқушының 58-ден астам проценті қашықтан білім алса, қалған 42 процентке жуығы штаттық форматқа ауыстырылды. Ал 1 мен 5-сынып оқушыларының 24 проценті кезекші сыныптарда оқуын жалғастырған. Мектептен бөлек кәсіби техникалық білім беру мекемелері де 18 қаңтарда есігін ашады. 1-курс студенттері үшін пәндердің 70 проценті оффлайн болса, 30-ы қашықтан беріледі. Жоғарғы оқу орындарындағы 1-курс студенттері үшін дәрістер онлайн, ал семинарлар, зертханалық және практикалық сабақтар оффлайн форматта өтеді. Осыған байланысты білім ордаларындағы санитарлық-эпидемиологиялық дайындық жұмыстары қатаң сақталуы шарт.

Шолпан Каринова, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

- Осы тоқсанның ерекшелігі 9-11-сыныптар жалпы білім беретін мектептерде және халықаралық мектептерде, Назарбаев зияткерлік мектептерінде 10-12 мектеп бітіруші сыныптарда оқыту штаттық форматта жүргізу басталды. Сонымен қатар осы сыныптарда оқыту бойынша пәндердің 70 проценті штаттық режимде және 30 проценті қашықтан оқыту форматында жалғастырылатын болады. Әр мектептің өзінде қай пәндерді штаттық форматта және қай пәндерді қашықтық форматта оқыту бойынша жеке дара қабылдануы қарастырылған.